ҚР мемлекеттік басқару аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мемлекеттік басқару аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды

ҚР мемлекеттік басқару аппаратында жаңа кадрлық тағайындаулар орын алды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру» туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы сәрсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2013
  • 555
Фото - Caravan.kz

Құжат негізінде Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып қайта құрылды.
Ведомствоға Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау функциясы; Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестицияға мемлекеттік қолдау көрсету және қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру функциясы; ІІМ-нің көші-қон саласын реттеу функциясы берілді.
Сонымен қатар, Экономика министрлігі «жасыл экономиканы» дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатпен де айналысатын болды.

Еліміздің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
Елбасы Нқрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды, деп сәрсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Н.Назарбаев оны Мемлекеттік хатшы қызметінен босатты.
Ал, бұрынғы министр Дархан Мыңбай президенттің жарлығы бойынша Қазақстан ұлттық мұражайына жетекшілік ететін болды.

Марат Тәжин Мемлекеттік хатшы, ал Бақытжан Сағынтаев премьер-министрдің бірінші орынбасары және Аймақтық даму министрі болып тағайындалды.
Елбасының жарйлығымен Мемлекеттік хатшы қызметіне Марат Тәжин тағайындалды. Сәрсенбі күні кешқұрым Ақ Орда баспасөз қызметі Twitter парақшасында осылай деп хабарлады.
Ал, «Нұр Отан» партиясы ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев премьер-министрдің бірінші орынбасары — Аймақтық даму министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы жарлыққа мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, делінген хабарламада.

Қырымбек Көшербаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты үкімет басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы жарлыққа президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Ал, бұрынғы Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев қайта құрылған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жетекшілік ететін болды.