ҚР Мемлекеттік хатшысы ШҚО-дағы ұлт өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мемлекеттік хатшысы ШҚО-дағы ұлт өкілдерімен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы ШҚО-дағы ұлт өкілдерімен кездесті

«Біздің мемлекетіміздің барлық жетістігінің негізі - біздің бірлігімізде жатыр. Сіздер, Қазақстандағы әртүрлі ұлттардың өкілдері сол бірлікті нақты көрсетіп отырсыздар», - деді бүгін Шығыс Қазақстандағы этноауылда әртүрлі ұлт өкілдерімен кездескен ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев.

  • 24 Маусым 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің шығысында 105 ұлттың өкілдері өмір сүріп жатқаны маған мәлім. Сіздер 83 этномәдени бірлестік құрып, этномәдени ортаны мейлінше жақсарта түсу үшін ұлттық дәстүрлі сәулетпен 14 үй салдыңыздар. Ал бұл үйлердің барлығын байланыстырушы буын ретінде қазақтың ақ киіз үйі тігілді, дәл осы киіз үй ішінде бірлескен мейамдар, дөңгелек үстелдер өтеді.

Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, бұл жылдар бір сәттей ғана, алайда біздің еліміз үшін бұл кезең бір дәуірге тең. Себебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан бұрынғы әлемге белгісіз кеңестік республикадан экономикалық қуатты, демократиялық дамыған мемлекетке айналды. Біздің еліміз бүгінде әлемдік қауымдастықта өзіне лайықты орнын алды. Соңғы жылдардың өзінде-ақ біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, 11 жыл өтпегенн осы ұйымның Саммитін өткіздік, жақында ғана ШЫҰ-ға төрағалығымыз аяқталды, ал 28 маусымнан бастап Ислам Конеференциясы Ұйымына төрағалық етуді бастадық», — деді Қ.Саудабаев.

Айта кететіні, облыс әкімі Бердікбек Сапарбаев және мұражай кешенінің директоры Николай Зайцевпен бірге аралаған, Өскеменнің Сол жағалауындағы табиғи қорықта орналасқан этнауылдағы кездесуден бұрын Қ.Саудабаев қаладағы бірқатар нысандардың жұмысымен таныс болды.

Мемлекеттік хатшы «НҰРОРДА» халықаралық мектебінде, Сәулелі диагностика орталығында, Д.Серікбаев атындағы техникалық университет пен «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-да болды. Этноауылдағы кездесуде Қанат Саудабаев өз әсерімен бөлісті.

«Мен бүгін өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы бірқатар нысандарда болдым, бүкіл елдегі сияқты Шығыс Қазақстанда да елді одан әрі үдемелі дамыту туралы Президенттің стратегиясы ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанына көзім жетті», — деп атап өтті ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Соңғы жаңалықтар