ҚР мемлекеттік мұрағатында ұлттық архив қорынан алынған құжаттардан көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мемлекеттік мұрағатында ұлттық архив қорынан алынған құжаттардан көрме ашылды

ҚР мемлекеттік мұрағатында ұлттық архив қорынан алынған құжаттардан көрме ашылды

Бүгін, 31-шілдеде Алматыдағы ҚР мемлекеттік мұрағатында ұлттық архив қорынан алынған құжаттардан көрме ашылды.

  • 31 Шiлде 2003
  • 863
Фото - Caravan.kz

Көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архив және құжаттар басқармасы жөніндегі комитетінің төрайымы Рысты Сариеваның айтуынша, көрмеге ұлттық архив қорынан алынған құжаттармен қатар 2002-жылдан бастап қолға алынған «Шет мемлекеттік архивтер мен мекемелерден XY-XX-ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды іздеу және оларды сатып алу жөніндегі » бағдарлама бойынша алынған құжаттар да қойылды. Атап айтсақ, олардың арасында шетелдердегі қазақ диаспорасының шоқтығы биік өкілі, танымал қайраткер Мұстафа Шоқайдың Франциядағы жеке кітапханасынан алынған құжаттар, сондай-ақ, Ресейден әкелінген XVIII-XIX — ғасырлардағы Қазақстан тарихынан хабар беретін тарихи құжаттар, қазақ хандықтарының халықаралық қарым-қатынас тарихын баяндайтын құжаттар мен төңкеріс қарсаңындағы кезең туралы құжаттар бар.

Р.Сариеваның айтуынша, ҚР мемлекеттік мұрағаты мен Ресейдің Федералдық архив қызметі арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнады. Қазақстандық мамандар Ресейдегі Қазақстан жылы аясында осы елдің федералдық және аймақтық 11 архивімен ынтымақтастық туралы шартқа отырды. Бұл мекемелерде Қазақстанға қатысты қомақты құжаттар топтамасы табылып отыр. Тұтастай алғанда ең көнесі XYI-ғасырдан бастап бүгінге дейінгі дәуірден хабар беретін 5 мыңнан астам құжатқа тізім жасалды. 200 мыңдай микрофильм түсіруге тапсырыс берілді. Бағдарлама аясында 2006-жылға дейін құжаттардың көшірмесін алуға 125 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр. 2002-2003-жылдарда бағдарлама аясында 11 млн. теңге бөлінді.
Көрмеге қойылған ең қызғылықты құжаттардың қатарында жоңғар, қырғыз-қайсақ және қалмақ халықтарының тарихына қатысты , сондай-ақ, қазақ даласында алтын және басқа да кеніш көздерінің табылуы туралы, тас көмір кеніштері және оны игеру тарихы, 20-ғасырдың 20-30-жылдарындағы деректі және музыкалық жазба материалдар, мемлекеттік қайраткерлердің сөйлеген сөздері, мәдениет және ғылым қайраткерлерінің сөздері мен маңызды саяси оқиғалардың кинохроникасы тәрізді құжаттарды атауға болады.
Алдағы уақытта мұрағаттарды басқару жөніндегі комитет басшылығы Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Египет, Монғолия, ҚХР, Ұлыбритания және АҚШ архивтерімен ынтымақтастық аясын кеңейтпек ниетте.

Соңғы жаңалықтар