ҚР Мемлекеттік орталық мұражайда 4 мамырда «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мемлекеттік орталық мұражайда 4 мамырда «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесі ашылады

ҚР Мемлекеттік орталық мұражайда 4 мамырда «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура көрмесі ашылады

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ қоғамды ақпараттандыру департаменті, «Әділ сөз» халықаралық сөз еркіндігі қоры, IFEX халықаралық сөз еркіндігі ұйымы, «Жаңа мүмкіндіктер, жаңа тосқауылдар: XX ғасыр БАҚ» компаниясы аясында Алматыдағы Кластерлік ЮНЕСКО бюросында: Қазақстан, Қырғыстан, Тәжікістан, және Өзбекістан елдері арасында «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатура жарысын өткізді. Конкурс мақсаты – сатиралық әзіл-сықақ жанрын қолдау және қайта жаңғырту. Карикатура – әзіл-сықақ арқылы күлдіргі әсерлерді салыстыра отырып, болған оқиғаға назар аударту, өткірлікті бейнелеу жанры. Бұл туралы карикатура мэтрі М. Златковский: «Билік басындағылардың қорқатыны да осы сатира мен келеке-мазақ, себебі сатира ғана олардың даңқы мен беделін әпсәтте жойып жібере алады» – деген пікір айтады.

  • 3 Мамыр 2011
  • 802
Фото - Caravan.kz

Дүниежүзілік баспасөз еркіндігі күні 1991 жылы 3 мамырда ЮНЕСКО-ның бастамасымен Виндхука Декларациясының мерекесіне байланысты қабылданды. Декларация – баспасөз еркіндігінің қоғам үшін маңызы зор екенін жариялау үшін Африка баспагер-редакторлары мен журналистері арасында жасалды. Ол Декларация барлық ел үкіметтерін баспасөз еркіндігіне жұмылдырып, радиода, телевизияда, сонымен қатар онлайн жүйесінде сөз еркіндігінің болуына және оған кепілдік беруге, оны мадақтауға шақырады.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде байқауға қатысқан: Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан суретші-карикатуристерінің 80-ге жуық жұмыстары қойылған. Көрменің салтанатты ашылуында «Сөзсіз сөз еркіндігі» атты карикатуралық байқауынан жеңіске жеткен жеңімпазды хабарлайды. Көрменің ең үздік жұмыстары 2011-2012 жылдық күнтізбеге еніп, еліміздің танымал бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Көрме 2011 жылдың 13 мамырына дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта