ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйістерге қатысты түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйістерге қатысты түсінік берді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйістерге қатысты түсінік берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында

  • 22 Қазан 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов соңғы кездегі Алматы әкімдігіндегі ауыс-түйістерге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, Алматы әкімдігінде таяуда болған тағайындауларда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңды бұзушылықтар орын алған жоқ.

«Қазақстанның мемлекеттік қызмет моделі саяси және әкімшілік лауазымдар болып бөлінген. Біз шектеуді әкімшілік мемлекеттік қызметтерге қоямыз. Бұл заңнаманың талаптарына сәйкес келеді», — деді С.Ахметжанов тілшілердің сауалына жауап беру кезінде. 
Еске салайық, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы талқыланып, қабылданған болатын. 
«Құжат тұтастай алғанда, мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, құзыреттілік негізінде мақсаттық, яғни лауазымдық жоғарлатуға, нәтижеге байланысты еңбекақыны анықтауға бағытталады. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстық, ағайынға бұрушылық пен заңсыз қамқоршылық жағдайларын барынша жояды», — деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Алматы әкімдігінде әкімнің үш орынбасары ауысты. Олардың барлығы әр жылдары Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен қызметтес болған еді.

Соңғы жаңалықтар