ҚР мен ҚХР арасындағы екі жақты байланыстардың нығаюына Қазақстан айрықша маңыз береді- Қазақстан мемлекет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мен ҚХР арасындағы екі жақты байланыстардың нығаюына Қазақстан айрықша маңыз береді- Қазақстан мемлекет басшысы

ҚР мен ҚХР арасындағы екі жақты байланыстардың нығаюына Қазақстан айрықша маңыз береді- Қазақстан мемлекет басшысы

ҚР мен ҚХР арасындағы екі жақты байланыстардың нығаюына Қазақстан айрықша маңыз береді. Бұл туралы ҚХР төрағасының Қазақстанға ресми мемлекеттік сапары аясында Астанада өткен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетті.

  • 3 Маусым 2003
  • 621
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Қытай арасында бірнеше ғасырлар бойы шешімін таппай келген маңызды тарихи мәселе- шекара мәселесі түбегейлі шешілді. Қазір бұл шекара екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастық шекарасына айналды»,- деді Елбасы.

Осы орайда ол екі мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі кездесуі мен әртүрлі министрлік және ведомство басшыларының бас қосуын жыл сайын дерлік өткізу дәстүрге айналғанына тоқталды.
«2002-жылдың желтоқсанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР-ның бұрынғы төрағасы Зян Земинь қол қойған өзара достық, ынтымақтастық, бейбіт тату көршілік туралы Келісім — байланысты бекіте түсуге жасалған қадамдардың ең шарықтау шегі болып табылады. Дүниежүзінің көптеген елдерімен екі арадағы мұндай келісімге Қытай әлі күнге қол қойған жоқ»,- деді Қазақстан президенті.
Қытай қазіргі таңда Қазақстанның сауда-саттық саласындағы ең ірі серіктесі.
Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2002-жылы 1,955 млрд. долларды құраған. Қазақстан негізінен Қытайға аршылған мыс және мыс қалдықтары тәрізді асыл емес металл бұйымдар мен минералды шикізат шығарады.
Қытайдан машина жабдықтары, металл бұйымдар, химиялық және тоқыма өнеркәсібі өнімдері импортталады.
Елімізде Қытайдың 20 компаниясы аккредитацияланып, 61 біріккен кәсіпорын жұмыс істеуде. Мұнай-газ саласы, тоқыма, пластмасса және металл бұйымдар жасау салаларында шетелдік 615 кәсіпорын тіркелген.
Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық байланыс 1992-жылдың 3-қаңтарында орнатылды.