ҚР МГМ мұнай өнімдерінің экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың соңына дейін ұзартуға дайындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР МГМ мұнай өнімдерінің экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың соңына дейін ұзартуға дайындалып жатыр

ҚР МГМ мұнай өнімдерінің экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың соңына дейін ұзартуға дайындалып жатыр

ҚР мұнай және газ министрлігі (МГМ) мұнай өнімдерінің экспортына тыйымның мерзімін 2011 жылдың 1 шілдесінен жыл соңына дейін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр, деп мәлім етті үкіметтегі ақпаратқа қанық дереккөз.

  • 31 Мамыр 2011
  • 327
Фото - Caravan.kz

«Тыйым арнайы бензиндер мен пеш отынынан басқа, жеңіл дистиллят, керосин, газойль сияқты мұнай өнімдеріне қатысты қолданылады. 6 ай мерзімге», — деп мәлім етті сейсенбі күні агенттікке үкіметтегі ақпаратқа қанық дереккөз.

НЕске сала кетейік, дүйсенбі, 30 мамыр күні МГМ «егін егу жұмыстары кестесінің өзгеруіне байланысты ЖЖМ нарығының тұрақсыздану қаупінің алдын алу үшін қазіргі уақытта тыйымды ұзарту мәселесі қаралып жатқанын» хабарлаған болатын.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, МГМ қазақстандық ЖҚС-ларда бөлшек бағаның келесі шекті мөлшерін белгіледі: АИ 92/93 бензині – литрі үшін Т102; Аи-80 бензині – литрі үшін Т83; дизел отыны – литрі үшін Т87.

Еске сала кетейік, Қазақстанда егін егу науқаны кезеңіне 1 шілдеге дейін ақшыл мұнай өнімдерінің экспортына тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар