«Өтініштердің басым бөлігі адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сот мәжілісіне қатысу және сот актілерінің заңдылығын тексеруге өтініш беру жөніндегі жаңа функциясына қатысты»,- деді Б.Байқадамов.
Б.Байқадамовтың хабарлауынша, сот шешімдерімен келіспеуге байланысты шағымдар саны жалпы келіп түскен өтініштердің 20,58 процентін құраған. Жалпы алғанда 2005-жылдың алғашқы жартысында адам құқықтары жөніндегі уәкілге 4277 адамнан өтініш келіп түсті. «Өтініштердің 30 процентіне рұқсат берілді»,- деді омбудсмен.
Сонымен бірге Б.Байқадамовтың айтуынша, оған халықаралық шіркеулер одағының діндарларынан, Қазақстандағы және 9 шетелдік евангелиялық христиан-баптистерден 100-ге жуық жазбаша мәлімдеме келіп түскен. Мәлімдеме «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікке қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты болған. Жобаның кейбір ережелері діндарлардың мүддесіне қатысты екені белгілі. «Біз заң жобасының діни сенім-наным еркіндігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін тұстары көрсетілген сараптамалық қорытындымызды парламентке жолдадық»,- деді адам құқықтары жөніндегі уәкіл.