ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын жария етті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын жария етті

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын жария етті

Бүгін, 19-тамызда Астанада ҚР Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындысын жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Тамыз 2005
  • 663
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлаушылардың 96 проценті дауыс беруге келді.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы жария еткен алдын-ала мәліметке сәйкес, Ақмола облысында 143 сайлаушыдан дауыс жинаған (54%) облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Ақтөбе облысында 129 сайлаушының дауысын жинаған (82,2%) қазіргі сенат депутаты Еділбай Иманқұлов, Алматы облысында 252 (83,4%) сайлаушының дауысын жинаған «Отан» партиясының мүшесі Нүсіпжан Нұрманбетов, Атырау облысында 112 сайлаушының дауысын (96,6%) жинаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Есжанов, Шығыс Қазақстан облысында 265 дауыс жинаған (89,5%) облыстың бұрынғы әкімі Талғатбек Абайділдин, Жамбыл облысында сайлаушылардың 162 (97%) дауысын жинаған қазіргі сенат депутаты Өмірбек Бәйгелді, Батыс Қазақстан облысында 142 сайлаушының дауысын (89,3%) жинаған қазіргі сенат депутаты Рашит Ахметов, Қарағанды облысында 200 дауыс жианаған (72,2%) облыс прокуроры Серік Ақылбай, Қызылорда облысында 74 дауыс жинаған (52,1%) қазіргі сенат депутаты, «Отан» партиясының мүшесі Бақберген Досманбетов, Қостанай облысында 254 дауыс жинаған (88,5%) қазіргі сенат депутаты Евгений Аман, Маңғыстау облысында 56 дауыс жинаған (56%) «Отан» партиясының мүшесі Жансейіт Сәрсенқұлов, Солтүстік Қазақстан облысында 179 дауыс жинаған (84%) қазіргі сенат депутаты Тасбай Симамбаев, Оңтүстік Қазақстан облысында 161 дауыс жинаған (55,1%) «Отан» партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңді.
Астанада сенат депутаттарының сайлауы барысында 20 дауыс жинаған (95,2%) қазіргі сенат дерпутаты Аманжол Бөлекбаев, Алматыда 34 дауыс жинаған (97,1%) қала әкімінің кеңесшісі Ахан Бижанов жеңді.
Сайлаудың ақырғы қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 25-тамызға дейін бекітеді. Ал 28-тамызға дейін депутаттар тізімі баспасөз беттерінде жариялануға тиіс.

Перейти к новостям спорта