ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуге сайлаулар жөніндегі кеңесші Джонатан Стоунстрит, байланыс жөніндегі бас үйлестіруші Любомир Копай, сайлау жүйелері жөніндегі талдаушы Олексий Личковак, электронды дауыс беру жөніндегі сарапшы Йено Цзеп қатысты.
Миссияның жетекшісі өкілдердің бұл сапары таныстық және халықаралық бақылаушылардың Орталық сайлау комиссиясымен етене жақын ықпалдастығын қамтамасыз ету мақсатын көздейтінін хабарлады.
Кездесуге қатысушылар ұзақ мерзімді бақлаушылар миссиясының жұмысын ұйымдастыру жайын талқылап, оның негізгі құрамын таныстырып, сайлау науқанына қатысты нормативтік-құқықтық базамен танысты.