ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы сайлаулардың ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы сайлаулардың ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы сайлаулардың ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы Оңалсын Жұмабеков алдағы сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге уәде берді. Бұл туралы ол бүгін, 13-сәуірде парламент мәжілісініің жалпы отырысырнан кейін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 13 Сәуiр 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Еліміздегі барлық деңгейдегі сайлаулардың мейлінше ашық әрі жариялылық жағдайында әділетті өтуі үшін және еліміздің заңдары бұлжытпай орындалуы үшін бар күш-жігерімді жұмсайтын боламын»,- деді ол. О.Жұмабековтың айтуынша, ол үшін «Орталық сайлау комиссиясынан бастап барлық округтық учаскелік сайлау комиссияларына дейінгі сайлау органдарының жүйесі ырғақты жұмыс істеуі тиіс».

Сайлау заңнамасының өзгеру мүмкіндігі туралы депутаттар сауалына жауап берген О.Жұмабеков парламентте қабылданған «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген түзетулер «еліміз үшін аса қажетті» деп мәлімдеді. «Бұл заң қазіргі өмір ағымына сай келеді. Ал болашақта оған өзгертулер енгізу қажеттігі туындай жатар, дәл қазір мұндай қажеттілікті көре алмай тұрмын»,- деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы.

Перейти к новостям спорта