Жарияланды: 380

ҚР парламент палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді

Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 20 маусымда өтеді. Бұл туралы жұма күні ресми баспасөзде жарияланған мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың өкімінде айтылған.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тар­мағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген өкімде. Бейсенбі күні журналистерге сенатор Светлана Жалмағамбетова хабарлағандай, бірлескен отырыста депутаттар 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің есебін қарайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін