«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», — делінген өкімде.
Бейсенбі күні журналистерге сенатор Светлана Жалмағамбетова хабарлағандай, бірлескен отырыста депутаттар 2010 жылғы республикалық бюджетті орындау туралы үкіметтің есебін қарайды.