Жарияланды: 480

ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы қарашаның 18-і мен 26-сы аралығында АҚШ-қа сапар жасайды. Делегацияны мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстем бастап барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Оның айтуынша, сапар аясында қазақстандық депутаттардың АҚШ Конгрессінде, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаментінде, Қорғаныс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізулері, сондай-ақ басқа да шараларға қатысулары жоспарланып отыр. Олардың барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылау, сондай-ақ этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы пікір алмасу көзделуде. "Сапар шеңберінде қазақстандық делегация АҚШ-тың Дін және мемлекеттік саясат институты өткізетін қарашаның 23-25-і аралығында Скрэнтон қаласында болатын Адам құқықтары және діни бостандық жөніндегі 5-ші парламентаралық конференцияға қатысады. Аталған конференцияға 50 мемлекеттің өкілдері келеді деп күтілуде", деді Е. Ашықбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін