ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды

ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды

Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы қарашаның 18-і мен 26-сы аралығында АҚШ-қа сапар жасайды. Делегацияны мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұрбах Рүстем бастап барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 17 Қараша 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, сапар аясында қазақстандық депутаттардың АҚШ Конгрессінде, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаментінде, Қорғаныс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізулері, сондай-ақ басқа да шараларға қатысулары жоспарланып отыр. Олардың барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылау, сондай-ақ этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы пікір алмасу көзделуде.

«Сапар шеңберінде қазақстандық делегация АҚШ-тың Дін және мемлекеттік саясат институты өткізетін қарашаның 23-25-і аралығында Скрэнтон қаласында болатын Адам құқықтары және діни бостандық жөніндегі 5-ші парламентаралық конференцияға қатысады. Аталған конференцияға 50 мемлекеттің өкілдері келеді деп күтілуде», деді Е. Ашықбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар