Caravan Logo

ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды

ҚР парламенті мәжілісінің делегациясы АҚШ-қа сапар жасайды

Оның айтуынша, сапар аясында қазақстандық депутаттардың АҚШ Конгрессінде, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде, Мемлекеттік департаментінде, Қорғаныс министрлігінде бірқатар кездесулер өткізулері, сондай-ақ басқа да шараларға қатысулары жоспарланып отыр. Олардың барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылау, сондай-ақ этникааралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы пікір алмасу көзделуде.

"Сапар шеңберінде қазақстандық делегация АҚШ-тың Дін және мемлекеттік саясат институты өткізетін қарашаның 23-25-і аралығында Скрэнтон қаласында болатын Адам құқықтары және діни бостандық жөніндегі 5-ші парламентаралық конференцияға қатысады. Аталған конференцияға 50 мемлекеттің өкілдері келеді деп күтілуде", деді Е. Ашықбаев.