ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы АҚШ конгрессінің өкілдерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы АҚШ конгрессінің өкілдерімен кездесті

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы АҚШ конгрессінің өкілдерімен кездесті

ҚР парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов АҚШ конгрессінің өкілдерімен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 681
Фото - Caravan.kz



«Қазақстан бүгінде экономикалық өсім қарқынына қарай бұрынғы Кеңестік кеңістіктегі жетекші елге айналды. Бұл бізге зейнетақы, жәрдемақы және жалақы көлемін арттыру секілді әлеуметтік түйткілдерді шешуге мүмкіндік берді. Қазір біз қоғамды демократияландыру бағытына біртіндеп жылжып барамыз. Осы орайда біз үшін АҚШ тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңызы зор»,- деді О.Мұхамеджанов.
Өз кезегінде АҚШ конгрессі өкілдер палатасының мүшесі Даррелл Исса «АҚШ Қазақстанмен арадағы қауіпсіздік және тұрақтылық, саяси ашықтық және тиімді экономикалық жүйе сынды аса маңызды үш таянышқа негізделген достығын жоғары бағалайды», деп атап өтті.
Осы орайда Д.Исса АҚШ конгрессінің өкілдері оппозиция қатарынан Қазақстан президенттігінен үміткерлермен де кездескенін жеткізді. «Өкінішке орай олардың сайлау алдындағы додада жеңіске жету ықтималдығы өте мардымсыз»,- деді конгрессмен. «Дегенмен, оппозицияның БАҚ-тарға қол жеткізу мүмкіндігі артқан сайын демократия да ұта түседі»,- деді ол.
«Сайлау нәтижесінде бізге көбірек таныс шынайы көрсеткішке қол жетеді деп сенеміз. Мәселен, конгресс мүшесі үшін дауыстың 65 процентін жинау — үлкен жетістік. Ал бір ғана үміткердің пайдасына 100 процент дауыс жинау — сайлау процессінің демократия тұрғысынан жеңіліс тапқанын паш етеді»,- деді Д.Исса.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта