ҚР парламенті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату мәселелеріне арналған конституциялық заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату мәселелеріне арналған конституциялық заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

ҚР парламенті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату мәселелеріне арналған конституциялық заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 22-қазанда өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату және бюджеттік қарым-қатынастар мәселесіне арналған Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңының жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 22 Қазан 2004
  • 734
Фото - Caravan.kz

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың журналистерге берген түсініктемесіне сәйкес, еліміздің Конституциялық үш заңына, атап айтсақ, «Республикалық референдум туралы», «ҚР үкіметі туралы», «ҚР конституциялық кеңесі туралы» заңдарға өзгеріс енгізіледі. «Өзгерістердің басты мәні — «басқа функциялар» және «басқа құзыреттер» деген ұғымдарды алып тастауға саяды. Тағы бір өзгеріске келсек, бюджеттік арақатынастарға қатысы бар бүкіл қарым-қатынастар алып тасталды. Өйткені, олар Бюджеттік кодекске енгізілген»,- деді Қ.Келімбетов.

Заң жобасы бойынша парламенттік баяндамашы, мәжіліс депутаты Виктор Веснин отырыста сөйлеген сөзінде бұл заң жобасы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату және бюджеттік қарым-қатынастарды жетілдіру тұжырымдамасының «логикалық жалғасы» екенін хабарлады. «Заң жобасы қазір жүзеге асырылып жатқан әкімшілік-бюджеттік реформалар аясында мемлекеттік аппараттың барлық буындары арасында міндеттер бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру үшін жасалған»,- деді В.Веснин.
Заң жобасы парламент палаталарының бірлескен отырысында 2004-жылғы қараша айының басында екінші оқылымда қаралады деп күтілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы қазір жүзеге асырылып жатқан әкімшілік-бюджеттік реформалар аясында мемлекеттік аппараттың барлық буындары арасында міндеттер бөлісу және бюджетаралық қарым-қатынастарды жетілдіру үшін жасалған. Заң 2005-жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта