Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаторлар енгізген түзетулер «қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қорлардың іс-қызметін реттеу саласы бойынша ҚР Бюджеттік кодексімен арадағы қайшылықты жоюға» бағытталады.
Заң жобасының мақсаты осы саладағы мемлекеттік мекемелердің міндеттерін реттеу және қалдықтармен қарым-қатынас саласына норма жүйесін енгізу болып табылады. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңға енгізілетін өзгерістер заңды және жеке тұлғалардың қалдықтармен қарым-қатынасқа бағытталған іс-қызметтерін реттеуге, қалдықтардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін жоюға және оның алдын алуға қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастыруға жағдай жасайды деп күтілуде.