ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде

ҚР Парламенті Сенатының сайлауы қарсаңындағы науқан қалыпты жағдайда өтуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

  • 7 Шiлде 2011
  • 709
Фото - Caravan.kz

«Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясына 2 шағым келіп түсті. Тексеру барысында оларда айтылған фактілер расталмады. Шағымданушыларға уақытылы жауап берілді», — деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғанындай, 19 тамыз күні өтетін Сенат депутатарын сайлауға 87 үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Қазіргі сәтте олардың ішінде 54 кандидат тіркеуге алынды. Сонымен қатар, атап өтерлігі, 4 әйел азамат өздерін сенаторлыққа ұсынған. 87 үміткердің 9-ы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары болып табылады.

«ОСК-ның күнтізбелік жоспарына сәйкес, кандидаттарды ұсыну 19 шілдеге дейін жүреді», — деп атап көрсетті Қ. Тұрғанқұлов.

Соңғы жаңалықтар