ҚР парламенті спиртті өнімдерді жарнамалауға тыйым салатын заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР парламенті спиртті өнімдерді жарнамалауға тыйым салатын заңды қабылдады

ҚР парламенті спиртті өнімдерді жарнамалауға тыйым салатын заңды қабылдады

Бүгін, 27-қарашада өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап спиртті өнімдерді жарнамалауға толыққанды тыйым салатын "Жарнама туралы" заң жобасына қатысты келісім комиссиясының шешімін қолдап дауыс берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 27 Қараша 2003
  • 401
Фото - Caravan.kz

Келісім комиссиясының шешіміне сәйкес, ресми хабарламаларды, президенттіктен және өкілетті органдардың депутаттығынан үміткерлердің сөзін, білім беру саласындағы және діни хабарларды, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарнамадан басқа балаларға арналған бағдарламаларды жарнамамен (соның ішінде ілеспелі жолмен берілетін жарнамалармен) бөлуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, Қазақстанда міндетті түрде сертификациялануы тиіс, бірақ одан өтпеген тауарлар, жұмыстар мен қызмет түрлерін, ана сүтін алмастыратын жасанды өнімдерді жарнамалауға тыйым салынады. Сонымен қатар, «қарапайым акциялар бойынша кіріс мөлшеріне кепілдік беруге және дивиденд мөлшерін жарнамалауға да тыйым салынды».
Бұған дейін келісім комиссиясының шешімін палатаның жалпы отырысында мәжіліс депутаттары қолдаған болатын. Регламентке сәйкес, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар