Заң жобасына қатысты үкіметтің түсініктемесінде атап көрсетілгеніндей, Келісімнің күшіне енуі «Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара арқылы жеке адамдар, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібін жетілдіруге, өткелектердің тізімі мен олардың мәртебесін айқындауға, шекарадағы бақылаушы мекемелердің жұмыс режимін айқындауға мүмкіндік береді».
Сонымен бірге келісім жолаушы және жүк тасымалы саласындағы кедендік бақылауды жетілдіруге, кедендік баж төлемдері, салықтар мен басқа да төлемдерді дұрыс алуға мүмкіндіктер жасауға түрткі болмақ.
Келісімді жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.
Келісімге 2003-жылдың 25-желтоқсанында Астанада қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына жолданды.