ҚР православиелік шіркеуі Астанада Кафедралық собор салып, Алматы аумағындағы тұңғыш православиелік ғибадатхананы қалпына келтіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР православиелік шіркеуі Астанада  Кафедралық собор салып, Алматы аумағындағы тұңғыш православиелік ғибадатхананы қалпына келтіреді

ҚР православиелік шіркеуі Астанада Кафедралық собор салып, Алматы аумағындағы тұңғыш православиелік ғибадатхананы қалпына келтіреді

ҚР православиелік шіркеуі Астанада Кафедралық собор салып, Алматы аумағындағы тұңғыш православиелік ғибадатхананы қалпына келтіреді. Бұл туралы Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің дінбасы, Астана және Алматы митрополиті Мефодий бүгін, 5-қаңтарда Алматыда өткізген алғашқы баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 948
Фото - Caravan.kz

Митриполиттің айтуынша, бүгін Елордасында шіркеуге арнап жер телімін бөлу мәселесі қаралып жатыр. Қазіргі таңда шіркеу құрылысының жобасын жасау жұмыстары жүзеге асырылуда. Шіркеудің іргетасы биыл қаланады деп межеленген. Алайда, дінбасының айтуынша, құрылыс жұмыстарын бастау мерзімі демеушілерден қаржы жинау қарқынына тікелей байланысты болмақ. «Біз шынында да Астанада шіркеу салу жұмысын кешеуілдетіп алдық»,- деді ол.

Сондай-ақ, митрополиттің хабарлауынша, Қазақстандағы Ресей жылы аясында және Алматы қаласының биыл атап өтілетін 150 жылдық мерейтойына орай шіркеу 1854-жылы қала аумағында салынып, соңынан толықтай қиратылған тұңғыш православиелік ғибадатхананы қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Осыдан 150 жыл бұрын бірінші қоныс аударушылар іргетасын қалаған Софийский храм болған тарихи орында ғимараттың іргетасы қалпына келтірілді. Митрополиттің айтуынша, құрылыс жұмыстарының есеп-қисабы таяу уақыттарда жасалып, ғимарат салына бастайды.
Құрылыс жұмыстарын жергілікті сәулетшілер мен мердігерлер атқарады. «Соның нәтижесінде тарихи әділеттілік қалпына келтірілумен бірге бұл оқиғаны біз Алматы қаласының мерейтойы мен Қазақстандағы Ресей жылына орайластыра арнамақпыз»,- деді Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің дінбасы. «Бұл Қазақстан мен оны мекенденетін халықтардың рухани байлығына қосқан елеулі үлес болмақ»,- деді ол.
Жалпы алғанда, Қазақстанның әртүрлі аудандарында православиелік шіркеулер салу турасындағы діндарлардың өтінішін ҚР православиелік шіркеуі «қанағаттандыруға талпынады» деп атап көрсеткен митрополит бұл мәселеде ел басшылығы мен аймақтардың атқамінерлері тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді.
Мефодий Қазақстандағы орыс православиелік шіркеуінің дінбасы болып 2003-жылдың мамыр айынан бері қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар