ҚР Премьері С.Ахметов Николай Азаровты Украинадағы парламенттік сайлауда Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады
Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов өзінің украиндік әріптесі Николай Азаровты парламенттік сайлаудағы Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады. |
Бұл туралы екі премьердің бейсенбі күнгі телефон арқылы сұхбатында әңгіме болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
Украина үкіметі баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тараптар украин-қазақ сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі және сындарлы сипаты атап өтілген.
«Қазақстан Премьер-Министрі сондай-ақ Николай Азаровты парламенттік сайлаудағы Аймақтар партиясының сенімді жеңісімен құттықтады және партия бағдарламасын және Украина президентінің саясатын одан әрі жүзеге асыруда табыстар тіледі», - делінген хабарламада.
Украинадағы парламенттік сайлау өткен жексенбіде болды. Парламентке сайлау хаттамаларының 99,5 пайызын санағаннан кейін билеуші Аймақтар партиясы 30,04 пайызбен көш бастады, оппозициялық «Батькивщина» - 25,5 пайыз жинады, үшінші болып бокстан әлем чемпионы Виталий Кличконың «УДАР» партиясы келеді (13,94 пайыз), деген мәліметтерді жариялады Украина Орталық сайлау комиссиясы. Төртінші орында - 13,19 пайызбен Компартия, бесінші орында - «Свобода» ұлтшылдары (10,43 пайыз) тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін