ҚР Премьері С.Ахметов Николай Азаровты Украинадағы парламенттік сайлауда Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьері С.Ахметов Николай Азаровты Украинадағы парламенттік сайлауда Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады

ҚР Премьері С.Ахметов Николай Азаровты Украинадағы парламенттік сайлауда Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады

Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов өзінің украиндік әріптесі Николай Азаровты парламенттік сайлаудағы Аймақтар партиясының жеңісімен құттықтады.

  • 2 Қараша 2012
  • 359
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы екі премьердің бейсенбі күнгі телефон арқылы сұхбатында әңгіме болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Украина үкіметі баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, тараптар украин-қазақ сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының бірқатар өзекті мәселелерін талқылады. Екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі және сындарлы сипаты атап өтілген.

«Қазақстан Премьер-Министрі сондай-ақ Николай Азаровты парламенттік сайлаудағы Аймақтар партиясының сенімді жеңісімен құттықтады және партия бағдарламасын және Украина президентінің саясатын одан әрі жүзеге асыруда табыстар тіледі», — делінген хабарламада.

Украинадағы парламенттік сайлау өткен жексенбіде болды. Парламентке сайлау хаттамаларының 99,5 пайызын санағаннан кейін билеуші Аймақтар партиясы 30,04 пайызбен көш бастады, оппозициялық «Батькивщина» — 25,5 пайыз жинады, үшінші болып бокстан әлем чемпионы Виталий Кличконың «УДАР» партиясы келеді (13,94 пайыз), деген мәліметтерді жариялады Украина Орталық сайлау комиссиясы. Төртінші орында — 13,19 пайызбен Компартия, бесінші орында — «Свобода» ұлтшылдары (10,43 пайыз) тұр.

Соңғы жаңалықтар