Жарияланды: 350

ҚР Премьер-Министрі Атырауда Қашаған кен орнын игеру барысымен танысуды жоспарлауда

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Солтүстік-Каспий жобасының іске асырылу барысымен танысуды жоспарлап отыр.

Премьер-Министр Каспий теңізіндегі «D» жасанды аралында болып, Қашаған кен орнын орналастыру барысымен танысады деп күтілуде. Одан кейін, теңіз мұнайын экспортқа шығарылар алдында дайындайтын «Болашақ» зауытына ат басын тірейді. Атырауда Үкімет басшысы «Шеврон» компаниясының пластикалық құбырларды шығаратын зауытта, сондай-ақ мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттерді өндіретін зауытта болуды жоспарлауда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін