ҚР Премьер-Министрі Атырауда Қашаған кен орнын игеру барысымен танысуды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі Атырауда Қашаған кен орнын игеру барысымен танысуды жоспарлауда

ҚР Премьер-Министрі Атырауда Қашаған кен орнын игеру барысымен танысуды жоспарлауда

Атырау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Солтүстік-Каспий жобасының іске асырылу барысымен танысуды жоспарлап отыр.

  • 22 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Премьер-Министр Каспий теңізіндегі «D» жасанды аралында болып, Қашаған кен орнын орналастыру барысымен танысады деп күтілуде. Одан кейін, теңіз мұнайын экспортқа шығарылар алдында дайындайтын «Болашақ» зауытына ат басын тірейді.

Атырауда Үкімет басшысы «Шеврон» компаниясының пластикалық құбырларды шығаратын зауытта, сондай-ақ мұнай өнеркәсібі үшін химиялық реагенттерді өндіретін зауытта болуды жоспарлауда.