Жарияланды: 300

ҚР Премьер-Министрі ЕурАзЭҚ Бас хатшысымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЕурАзЭҚ Бас хатшысы Тайыр Мансұровпен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Әңгіме барысында Кедендік одақ шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық, сондай-ақ ЕурАзЭҚ кеңістігінде БЭК құру мәселелері талқыланды. Т.Мансұров Үкімет басшысына үстіміздігі жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің Үкімет басшылары деңгейіндегі кезекті отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, ЕурАзЭҚ Бас хатшысы бірқатар бағдарламалардың орындалысы туралы, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей белсенді ат салысып жүрген «Инновациялық биотехнологиялар» жобасы туралы да айтып өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру біздің елдерімізге өнеркәсіп, медицина, аграрлық сектор және биотехнология саласындағы 56 астам өнімді береді деді ол. Сонымен қатар, Т.Мансұров өткен аптада Минскіде ЕурАзЭҚ Дағдарысқа қарсы қоры кеңесінің кезекті отырысы өткенін, онда ағымдағы мәселелермен қатар, Беларусь Республикасына 440 млн АҚШ доллары көлеміндегі несие траншын бөлу туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін