ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Астана ЭКСПО - 2017» ұжымына жаңа басқарма төрағасы А.Есімовты таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Астана ЭКСПО - 2017» ұжымына жаңа басқарма төрағасы А.Есімовты таныстырды

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Астана ЭКСПО - 2017» ұжымына жаңа басқарма төрағасы А.Есімовты таныстырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған

  • 12 Тамыз 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

жаңа басқарма төрағасы Ахметжан Есімовты таныстырды.

Бұл туралы primeminister.kz жазады.

А.Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген. 1994 жылдан бастап 1998 жылға дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. 1998 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды. Сол жылы Қазақстан Республикасының Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалып, дипломатиялық жұмысқа ауысты. 2001 жылдан бастап 2008 жылға дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін — Алматы қаласының әкімі болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жылдың 9 тамызында А.Есімов «Астана ЭКСПО — 2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар