Жарияланды: 390

ҚР Премьер-министрі мен РФ Федералдық қызметінің төрағасы есірткі ағынымен күрес ауқымында Кедендік одақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов РФ Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметінің төрағасы Виктор Ивановпен кездесті.

Кездесу барысында халықаралық есірткі қылмысымен күрес, халықаралық есірткі топтарының Қазақстан аумағын Ресей және Еуропа елдеріне есірткі тасымалы үшін пайдалануына жол бермеу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, есірткі тасымалымен күрес аясында шекаралас ынтымақтастықты қарқынды дамытуды көздейтін Кеден одағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін