ҚР премьер-министрі мен "Росатом" басшысы атом өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі мен "Росатом" басшысы атом өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады

ҚР премьер-министрі мен "Росатом" басшысы атом өнеркәсіп саласында бірлескен кәсіпорын құру мәселесін талқылады

МӘСКЕУ. 26 шілде. Kazakhstan Today. Ақтауда өткен жиын барысында Қазақстан премьер-министрі Даниал Ахметов пен "Росатом" басшысы Сергей Кириенко ҚР мен РФ энергетика және атом өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

  • 26 Шiлде 2006
  • 473
Фото - Caravan.kz



Отырыс кезінде Д. Ахметов, Ресей мен Қазақстан «барлық салада, оның ішінде атомдық өнеркәсіп және атом энергетикасы салаларында ортақ энергетикалық саясат ұстануы тиіс», деп мәлімдеді. «Егер, энергетикалық ынтымақтастық жөнінде айтатын болсақ, біз көміртек энергетикасына бірнеше жоба салдық. Бірақ, Ресей Федерациясымен атом саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор болады, деп ойлаймыз», — деді премьер-министр.

«Мамандардың бірқатар сауалдары барын білемін. Басты мәселе, уран өндірісі мен оны өңдеуге арналған бірлескен кәсіпорын құруға қатысты. Ең маңыздысы — қазіргі заманға сай жаңа шығыр жобасын әзірлеп, өзге елдердің нарығына шығу», — деп атап өтті Д. Ахметов.

Әңгіме, Африкантов атындағы машина жасау тәжірибелі-құрастыру бюросының (Нижний Новгород) үш энергетикалық шығыры бар ВБЭР-300 АЭС жобасына қатысты болып отыр. Сарапшылардың айтуынша, егер жоба жүзеге асып, Қазақстанда сондай шығырмен алғашқы АЭС салынса, осындай қарқынмен нарыққа шығуға болады.

Осыған дейін Қазақстан, атомды бейбіт жолда пайдалану бағдарламасын Ресей мен бірлесіп дамытуға ықтияр екендігін бірнеше мәрте мәлімдеген.

Перейти к новостям спорта