ҚР Премьер-Министрі Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

ҚР Премьер-Министрі Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келеді.

  • 1 Қараша 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

Сапар аясында Үкімет басшысы Шымкенттегі Бәйдібек би ескерткішін көріп, сондай-ақ ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысады.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, одан кейін Мұз сарайында С.Ахметов Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған «Нұрын шашқан Оңтүстік!» атты салтанатты шараға қатысады. Мерейтойды атап өту кезінде қонақтар мен көрермендерге аймақ туралы деректі фильм және жергілікті орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Түстен кейін Үкімет басшысының Түркістандағы 300 оқушыға арналған М.Жұмабаев атындағы орта мектепке, биыл жаңартылған «Кентау-Сервис» энергиялық кешеніне, Кентаудағы трансформатор зауытының жаңа өндірістік цехтарына баруы күтілуде.