ҚР Премьер-министрі «Парыз» сыйлығын табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-министрі «Парыз» сыйлығын табыстады

ҚР Премьер-министрі «Парыз» сыйлығын табыстады

Бүгін Тәуелсіздік сарайында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов «Парыз» жүлдесінің алтын мүсіншесі мен «Халық тұтынатын ең сапалы тауар көшбасшысы» арнайы сыйлығын табыстады. 

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 583
Фото - Caravan.kz

Сонымен «Парыз» жүлдесінің «Әлеуметтік жауапкершілігі ең жоғарғы кәсіпорын» аталымы бойынша алтын белгісіне Қызылорда облысындағы «Саутс-ойл» ЖШС ие болды. Компания директоры Серікжан Сейітжанов Үкімет басшысының қолынан алтын мүсінше мен дипломат алды. Бұл компания 2014 жылы қайырымдылық және демеушілік көмек үшін 63 млн теңге, Қызылорда қаласындағы теннис орталығының құрылысы үшін 440 млн теңге бөлген. Сонымен қатар Арал қаласында 100 орынға арналған спорт-сауықтыру кешенін салуға мұрындық болған. 

Ал «Ең үздік ұжымдық келісімшарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының алтын белгісін Ақтөбе облысындағы «Ақбұлақ» АҚ ие болды. Премьер-министр К.Мәсімовтің қолынан алтын белгі алған компания директоры Айбек Сағиевтің кәсіпорны еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен қызметкерлерінің демалыс уақыты үшін өте тиімді кесте құра білген. 
«Халық тұтынатын ең сапалы тауар шығарушы» арнайы сыйлығын Алматы қаласындағы «Рахат» АҚ ие болды. ҚР Премьер-Министрі сыйлық пен арнайы дипломды «Рахат» компаниясының экономика және қаржы жөніндегі директоры Зәуреш Төлеубаеваға табыстады. 
Естеріңізге сала кетейік, «Рахат» компаниясы — елімізде кондитерлік өнім шығаратын брендке айналған. 
Жалпы, бүгін 20-ға жуық кәсіпорын «Парыз» сыйлығының 2, 3 орындарына ие болды.


null
null
null

Соңғы жаңалықтар