Жарияланды: 390

ҚР Премьер-министрі Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылу ниетін жария етті

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Парижде кеше Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті,

деп хабарлады facebook.com сайты. Кездесуде Кәрім Мәсімов Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылу ниетін жария етті. Тараптар жаһандық экономиканың жақын болашақтағы даму мәселелері бойынша да пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстанға Ұйымға қатысушы елдерден тікелей инвестиция тарту мақсатындағы ұзақмерзімдік ынтымақтастықтың перспективалары және экономикалық саясат бойынша ұсыныс-кеңестер, сараптамалық бағалар алудың мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Орталық Азиядағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту бағдарламасына Қазақстанның қатысу мәселесі қаралды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін