ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведевпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведевпен кездесті

ҚР Премьер-Министрі С. Ахметов РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведевпен кездесті

Бүгін күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

  • 13 Қараша 2012
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шағын және кеңейтілген ауқымдағы кездесудің барысында үкіметтер басшылары екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуға қатысты мәселелерді, оны ішінде энергетика, көлік және ғарыш саласындағы, сондай-ақ Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық өзара іс-қимылды талқылады.

ҚР Премьер-Министрі КО және БЭК аясында көпжақты ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Үкімет басшысының пікірінше, өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру үшін интеграциялық бірлестік ауқымында қабылданған барлық шешімдерді жіті іске асыру қажет.

Өз кезегінде РФ Үкіметінің төрағасы көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігін атап өтті, сондай-ақ сауда-экономикалық және негізгі стратегиялық әріптеспен инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру қажет екендігін тілге тиек етті.

Екі ел арасында тауар айналымы 2011 жылы бұрнағы жылмен салыстырғанда 42,3 пайызға артып, 23,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстандық экспорттың өсімі 47,7 пайызды (7,5 млрд. АҚШ доллары), Ресейден импорттың өсімі 39,9 пайызды (16,3 млрд. АҚШ доллары) құрады.

Соңғы жаңалықтар