Жарияланды: 470

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың ресми сайты жұмыс істей бастады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың www.primeminister.kz ресми сайты жұмыс істей бастады, деп хабарланды министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметінен.

Сайтта Үкімет басшысының қызметі жөнінде толық әрі жедел ақпарат беріледі. Сайттың бөлімдері (тараулары) фото және бейнематериалдар мұрағаттарынан тұрады, сондай-ақ баяндамалар мен сөз сөйлеулер, ресми құжаттардың көшірмелері, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысы, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары қамтылған. Сайтта Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің өмірбаяндары ұсынылған. Оған қоса интернет-ресурсте Үкімет отырыстары мен басқа да шаралардың онлайн-көрсетілімі ұйымдастырылатын болады. Сайттың ыңғайлы навигациясы қажетті ақпаратты тез арада тауып беруге көмектеседі. ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты тәулік бойына жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін