Жарияланды: 570

ҚР премьер-министрі ШҚО Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын.

«ШҚО-да Курчатов ауданын құру туралы қызық ұсыныс. Жерлерді шаруашылық айналымға қайтару. Қарастырамыз», - деп К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-де жазады. Одан басқа, ШҚО-ға жұмыс сапары барысында премьер-министр Курчатовтағы «Ұлттық ядролық орталық» РМК жұмысымен танысты. «Курчатов. Мұнда әлем тарихы шешіліп жатты», - делінген К. Мәсімовтың парақшасында. ҚР Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен 1992-ші жылы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон базасының әскери-өндірістік кешеннің, сондай-ақ республика территориясында орналасқан тиісті ғылыми мекемелер мен нысандардың базасында құрылды. Ол Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ салдарын жоюмен; Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін кадрлық база мен технологиялық, ғылыми-техникалық базаны дайындаумен; бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өндірістік кешенін конверсиялаумен, оның ғылыми-техникалық әлеуетін ҚР мүддесінде пайдаланумен; әлемнің жұмыс істеп тұрған полигондарындағы ядролық сынақтарына бақылау жүргізумен айналысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін