ҚР премьер-министрі ШҚО Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі ШҚО Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын

ҚР премьер-министрі ШҚО Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысындағы (ШҚО) Курчатов ауданының жерлерін шаруашылық мақсатқа қайтарып беру туралы ұсынысты талқылауға дайын.

  • 22 Маусым 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz

«ШҚО-да Курчатов ауданын құру туралы қызық ұсыныс. Жерлерді шаруашылық айналымға қайтару. Қарастырамыз», — деп К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-де жазады.

Одан басқа, ШҚО-ға жұмыс сапары барысында премьер-министр Курчатовтағы «Ұлттық ядролық орталық» РМК жұмысымен танысты.

«Курчатов. Мұнда әлем тарихы шешіліп жатты», — делінген К. Мәсімовтың парақшасында.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен 1992-ші жылы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигон базасының әскери-өндірістік кешеннің, сондай-ақ республика территориясында орналасқан тиісті ғылыми мекемелер мен нысандардың базасында құрылды. Ол Қазақстан территориясындағы ядролық сынақ салдарын жоюмен; Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін кадрлық база мен технологиялық, ғылыми-техникалық базаны дайындаумен; бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өндірістік кешенін конверсиялаумен, оның ғылыми-техникалық әлеуетін ҚР мүддесінде пайдаланумен; әлемнің жұмыс істеп тұрған полигондарындағы ядролық сынақтарына бақылау жүргізумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар