ҚР премьер-министрі үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР премьер-министрі үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді

ҚР премьер-министрі үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін болған үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 6 Тамыз 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

«Алдағы астық жинау, қысқа дайындық, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету — біздің осы қыстан аман шығуымыз үшін үкімет мүшелерімен қатар әрбір әкімнің бақылауында болуы тиіс міндеттер, міне осылар. Бізде ешқандай проблемалар туындамауы үшін ресурс та, мүмкіндік те жетеді», — деді К. Мәсімов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, келешектің негізін қазір қалау керек. «Бұл үшін мемлекет басшысының тапсырмасымен агроөнеркәсіптік кешеннің жұмысына түзетулер енгізілді», — деп атап көрсетті үкімет басшысы.

«Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігінің тұрғысынан алып қарағанда, біз өз өнімдерімізбен өзімізді толық қамтамасыз ете алу үшін биылғы жылдың көктемінде қосымша қаражат бөлінді және алдағы бюджетте де болады. Біз осы Астана, Алматы қалаларының нарығын, жалпы азық-түлік белдеуін жабуымыз керек. Өйткені, біз толығымен сыртқы нарық арқылы қамтамасыз етілуге иек артудың мүмкін емес екендігін көріп отырмыз», — деді премьер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар