ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қ.Көшербаев Екібастұз ГРЭС және көмір өндіруші кәсіпорындардың қысқа дайындығына баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қ.Көшербаев Екібастұз ГРЭС және көмір өндіруші кәсіпорындардың қысқа дайындығына баға берді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қ.Көшербаев Екібастұз ГРЭС және көмір өндіруші кәсіпорындардың қысқа дайындығына баға берді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

  • 25 Қазан 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Екібастұзда ол ГРЭС-1 кәсіпорнына барып, ондағы жабдықтар мен агрегаттардың техникалық жағдайымен танысты, электр стансасының күзгі-қысқы мерзімге дайындығын бағалады. Кәсіпорында өндірістік қуаттылықтарды қалпына келтіру және өсіруге бағытталған инвестициялық бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру жалғастырылуда.

Бүгінде стансадағы сегіз энергоблоктың бесеуі жұмыс істеп, 2500 МВт электр энергиясын шығара алады. ЕГРЭС-1 электр энергиясының 20 пайызға жуығы Ресейде, қалғаны — Қазақстанның энергетикалық нарығына үлестіріледі.

Қ.Көшербаев жылына екі мыңнан астам жартылай вагон шығаратын «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС зауытын аралап көрді. Кәсіпорын болашақта шығарылатын вагон санын көбейтіп, модельдер қатарын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің көмір разрезінде вице-премьерді көмір шығаратын кәсіпорынның техникалық даму мен жаңғырту перспективаларымен таныстырды.

Түстен кейін Қ.Көшербаев Павлодардың әлеуметтік нысандары мен өндірістік кәсіпорындарына барады. Вице-премьермен бірге облыс әкімі Ерлан Арын да нысандарды аралап жүр.

Соңғы жаңалықтар