Жарияланды: 360

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев басқарған үкіметтік топ Семейге келді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Семей қаласына келді.

Жұмыс тобы қаладағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап көріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен танысты, деп хабарлады Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Жұмыс сапарының барысында топ мүшелері аймақтағы жылыту маусымының барысымен және салалық мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты. Атап айтқанда, Қырымбек Көшербаев басқарған үкіметтік топ Семей қаласының жылыту маусымының басында отын берудің жаңа торабы іске қосылған «Теплокоммунэнерго» МКК-ның ЖЭС-1 және бюджеттік қаражат есебінен трансформатор қосалқы стансасын орналастыру бойынша жұмыстар орындалған «35-қазандыққа» ат басын тіреп, атқарылған жұмыстармен танысты . Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары биылғы жылдың тамыз айынан бастап «Жол картасы-2020» бағдарламасының аясында шаршы плиталарды жаңа заманауи әдіс бойынша әзірлеу жұмыстарымен айналысатын «Фирма Азия» кәсіпорнын аралап көрді. Үкіметтік топтың жұмысы Зырян қаласы мен облыс орталығында жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін