Жарияланды: 320

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

Бүгін Павлодар облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Оның жұмыс сапарының бағдарламасында - Екібастұздық ГРЭС-1 және қалада салынып жатқан Отын-энергетикасы саласы үшін кадрларды даярлау бойынша республикалық орталық «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-да болу. Қ. Көшербаев «Богатырь Көмір» ЖШС-ға ат басын тіреп, көмір өндірушілермен кездеседі. Күннің екінші жартысында ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Павлодардағы жаңа өңірлік кардиохирургиялық орталығында, салынып жатқан химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» болып, Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс алаңына барады. Қ. Көшербаевтың сапар бағдарламасында, сондай-ақ «Казтрасткем» ЖШС-ны, «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтерді өңдеу орталығын және Достық үйін аралау жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін