ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

Бүгін Павлодар облысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен келеді деп күтілуде, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қазан 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz

Оның жұмыс сапарының бағдарламасында — Екібастұздық ГРЭС-1 және қалада салынып жатқан Отын-энергетикасы саласы үшін кадрларды даярлау бойынша республикалық орталық «Қазақстан вагон құрастыру компаниясы» ЖШС-да болу. Қ. Көшербаев «Богатырь Көмір» ЖШС-ға ат басын тіреп, көмір өндірушілермен кездеседі.

Күннің екінші жартысында ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Павлодардағы жаңа өңірлік кардиохирургиялық орталығында, салынып жатқан химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» болып, Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлері үшін салынып жатқан тұрғын үйдің құрылыс алаңына барады.
Қ. Көшербаевтың сапар бағдарламасында, сондай-ақ «Казтрасткем» ЖШС-ны, «Қазақтелеком» АҚ-ның мәліметтерді өңдеу орталығын және Достық үйін аралау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар