Жарияланды: 350

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Зыряндағы «Қазмырыш» тау-кен байыту кешенінің ұжымымен кездесуде

Қырымбек Көшербаев Семей қаласының жылу энергетикалық кәсіпорнын аралап, қазіргі уақытта үкіметтік жұмыс тобымен «ТКШ-ны жаңғырту» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысуда. Бұған дейін хабарланғандай, моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Зырянның аудандық қазандығында жаңа турбогенераторлар орнатылды.

Осы сағатта Қ. Көшербаев және үкіметтік жұмыс тобының мүшелері Зыряндағы «Қазмырыш» тау-кен байыту кешенінің ұжымымен кездесуде. Мәлім болғандай, Малев кенішінің солтүстік қапталында өз қаражаттарының есебінен геологиялық барлау жұмыстарын өткізу жоспарлануда. Кешке қарай үкіметтік топ Өскеменге барады. Онда облыстың активімен кеңес өтеді. Кеңесте өңірдің даму басымдықтары мен өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін