ҚР президенті әкімшілігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәртебесін көтеру керек деген пікірде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті әкімшілігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәртебесін көтеру керек деген пікірде

ҚР президенті әкімшілігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәртебесін көтеру керек деген пікірде

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мәртебесін көтеріп, құқық бұзушылықтарға барған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты оның құзыретін арттыру қажет. Бұл туралы бүгін Астанада Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің алқа отырысында ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісі Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

«Түрлі құқық бұзушылықтарға барған мемлекеттік қызметкерлердің лауазымынан ауысуына байланысты жауапкершіліктен жалтарып кететіні бар. Мұндай қадам аталмыш проблемаға жол бермейді», дейді Қ. Келімбетов.

«Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңды бұзған мемлекеттік органның жауапкершілігін күшейту үшін агенттікке тәртіптік заң бұзған тұлғаларды есепке алу жөнінде бақылау құзыретін беру ұсынылып отыр»,- деді ол.

«Агенттіктің тәртіптік кеңесі жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 919 іс, саяси қызметкерлерге қатысты 153 іс қозғады. Бірақ жауапкершілікке тартылғандарға шешімді орындату мүмкін болмай келеді. Себебі кеңестің атқарушы құзыры жоқ», дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар