ҚР президенті Астанадағы өз сарайында ТМД қорғаныс министрлерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Астанадағы өз сарайында ТМД қорғаныс министрлерін қабылдады

ҚР президенті Астанадағы өз сарайында ТМД қорғаныс министрлерін қабылдады

Бүгін, 10-маусымда ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы өз сарайында ТМД қорғаныс министрлерін қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 10 Маусым 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

Елбасымен кездесуден кейін РФ қорғаныс министрі Сергей Ивановтың атап көрсетуінше, ТМД қорғаныс министрлері ҚР Қарулы Күштері Бас қолбасшысына қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы туралы баяндап берген. Мемлекет басшысының С.Ивановпен өткізген екі жақты кездесуінде екі елдің әскери-техникалық саладағы ынтымақтастығы туралы мәселе талқыланды. С.Ивановтың айтуынша көп кешікпей Қазақстан аумағында Ресейліктердің қатысуымен арнайы әскери оқу-жаттығулар өткізіледі. Ресей жағы Қазақстандық әскери мамандарды оқытып беруге де әзірлік танытып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы Ақмола облысының Щучинск қаласында өтті. Онда Достастық елдері Қарулы күштерінің 2004-жылғы бірлескен дайындық жоспары қаралды.
Отырыс аясында сондай-ақ, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, әскери мамандарды дайындау, Қорғаныс министрлері Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтсақ, ТМД Қорғаныс министрлері Кеңесінің «Ташкент келісіміне мүше мемлекеттердің әуе кеңістігінде ұшақтардың ұшу тәртібі » туралы шешіміне өзгерту енгізу, ТМД елдері әуе қорғаныс күштерінің әскери ұшақтарының қатысуымен «Жауынгерлік ынтымақтастық-2003» оқу-жаттығуларын өткізу тәрізді мәселелер талқыланды. Отырыс аясында Қорғаныс министрлері Кеңесіне қатысушылар лаңкестік әрекеттердің алдын алу бағытында өзара келісілген шаралар өткізудің маңызына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар