ҚР Президенті Барак Обаманы сайлаудағы жеңісімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті Барак Обаманы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті Барак Обаманы сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обамаға Америка Құрама Штаттары Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

  • 7 Қараша 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан құттықтады.

Жеделхатта АҚШ көшбасшысының үміт, прогресс және мүмкіндік туралы үндеуі Қазақстан халқы арасында кең қолдау тапқаны атап өтіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Б.Обаманың ядролық қарусыз әлемге деген көзқарасына ортақтасып, Қазақстан осы ізгі мақсатқа қол жеткізу жолында нақты шаралар қабылданғанына тоқталған.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың қайта сайланған Президентімен бұдан әрі де үнқатысуы қазақстандық-америкалық стратегиялық әріптестікті нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіреді.

— Осындай қиын-қыстау кезеңде Сіздің жетекшілігіңізбен Америка Құрама Штаттары әлемнің гүлденуі мен тұрақтылығы үшін қуатты қозғаушы күш болатынына сенімдімін. Сізге және отбасыңызға денсаулық пен мол бақыт, қызметіңізге толағай табыс, ал Америка халқына амандық тілеймін, — делінген құттықтау жеделхатында.

Соңғы жаңалықтар