ҚР президенті Канада, Болгария және Сауд Арабиясының төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Канада, Болгария және Сауд Арабиясының  төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ҚР президенті Канада, Болгария және Сауд Арабиясының төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

АСТАНА. 17 қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канаданың, Болгарияның және Сауд Арабиясының төтенше және өкілетті елшілері - Маргарет Скоктан, Никола Борисовтан және Хишам Абдел Уаххаб Абдалла Зираадан сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 17 Қазан 2006
  • 430
Фото - Caravan.kz

Кездесуден кейін өткен брифингте шетел дипломаттары, Қазақстан экономикасының жоғары деңгейде дамығанын ерекше атап өтті. «Қазақстан мен Канада арасындағы жемісті қарым қатынас бұрыннан қалыптасқан»,-деді М.Скок. «Екі елдің экономика, саясат салаларында және жаhандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде мүдделері ортақ»,-деді ол.

Өз кезегінде Н.Борисов екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру қажеттігін айтты. ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, қазіргі кезде ҚР мен Болгария арасындағы тауар айналымының көлемі 2006 жылдың қаңтар-тамыз айларында $16,7 млн. құрады, оның ішінде импорт көлемі- $16,03 млн. Н.Борисовтың айтуынша, «Болгария, Бургас-Александрополис мұнай құбырын салу және жүзеге асыру жобасына Қазақстанның қатысуына қатты қызығушылық білдіруде».

«Экономика саласындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамитындығына біз кәміл сенімдіміз»,-деп мәлімдеді Сауд Арабиясының елшісі Хишам Абдел Уаххаб Абдалла Зираа. Сонымен қатар, дипломат Н.Назарбаевпен кездесу барысында араб кәсіпкерлерін Қазақстан экономикасына инвестиция салуға шақырғанын хабарлады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта