ҚР Президенті кубогы турнирінің жартылай финалына шыққан спортшылардың есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті кубогы турнирінің жартылай финалына шыққан спортшылардың есімі белгілі болды

ҚР Президенті кубогы турнирінің жартылай финалына шыққан спортшылардың есімі белгілі болды

Кеше бокстан Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ҚР Президентінің кубогы халықаралық турнирінде ақырғы 4 салмақ дәрежесінде де қазақстандық былғары қолғап шеберлері жартылай финалға шықты.

  • 4 Мамыр 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Ширек финалдық бұл сайыста жарыс қожайындары арасынан ринке ең алғашқы боп Жамбыл облысының тумасы Ғани Жайлауов (60 кг) көтерілді. Бұл жекпе-жекте салған жерден албаниялық қарсыласы Метиджи Хишамды (Hicham Metijji) соққының астына алған Ғани 20-6 есебімен жеңіске жетті. Ғани ертең енді финалға шығу үшін алматылық Асхат Жеңісбектен басым түскен украин Тигран Симонянмен (Tigran Simonyan) жұдырықтасады. Жартылай финалдың екінші жұбында алматылық Бекман Сойлыбаевтан айласын асырған ұлттық құрама үздіктерінің бірі Самат Башенов кубалық Лопез Толедомен өнер көрсетеді.

Әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиев (69 кг) украин Денис Лазаревпен, Данияр Елеусінов Бақытжан Қожабековпен кездеседі. Әділбек Ниязымбетов (81 кг) ресейлік Данил Шведпен, ал Нұржан Бекзатов (+91 кг) кубалық Эрисланди Савонмен, Иван Дычко үндістандық Синх Кануарпреетпен (Singh Kanwarpreet) жұдырық түйістірмек.

Бұған дейін жартылай финалдың жолдамасына 49 келіге дейінгі салмақта Әділет Қапезов пен Біржан Жақыпов, 52 келіде Ильяс Сүлейменов, 75 келіде Нұрдәулет Жарманов ие болған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера