«ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылардың былтырғы жылғы өз жетістігін қайталауға мүмкіндігі бар - ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылардың былтырғы жылғы өз жетістігін қайталауға мүмкіндігі бар - ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы

«ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылардың былтырғы жылғы өз жетістігін қайталауға мүмкіндігі бар - ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы

Алматыда волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында өтіп жатқан "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирі Әлем чемпионаты алдындағы маңызды кездесулердің бірі саналады.

  • 7 Шiлде 2010
  • 492
Фото - Caravan.kz

Оны ҚР Волейбол федерациясының Бас хатшысы Ермек Сырлыбаев бүгін ҚазАқпарат тілшісне берген сұхбатында айтты.

«Дәстүрлі бұл турнирге биыл әйелдер арасында — 4, ерлер арасында — 5 команда қатысуда. Алжир құрамасы бізге қатыса алмайтынын соңғы күні ғана айтты. Ерлер арасында басты қарсыласты атау маған бұл жолы қиындау боп тұр. Онда 2-3 орын алсақ та қуанамыз. Ал әйелдер арасында ақтық сында Қазақстан-1 мен Қытайдың «Джиангсу» волейбол клубы кездесуі мүмкін. Біздің «Жетісу» волейбол клубы биыл олармен 2 рет кездесті. «Тайланд ханшайымы кубогы» халықаралық турнирі мен Индонезияда өткен клубтық Азия чемпионаты кезінде 3:1 есебімен қазақстандықтар басым түсті», дейді Бас хатшы Сырлыбаев. Ермек Әмірбекұлының айтуынша, бұл турнирге қатысып жатқандардан ерлер арасында Иран мен Тунис, әйелдер арасында Украина, Қазақстан және Қытай алдағы Әлем чемпионатына қатысады. Әйелдер құрамасы үшін бұл биылғы жылы олар қатысып жатқан үшінші турнир. Бұдан кейін олар Ресей мен Украина ойындар өткізіп, қыркүйекте — Азия, ал қазанда Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.